Описание изображения

«Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі»

 

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық, 

Өзімізді құрсаудан да босаттық. 

Ақтадық біз ата-баба үмітін, 

Қолда қазір көк ту менен бостандық! 

   Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасы Ақтөбе өңірінің беделді тұлғалары Қазақстан Журналистер және жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, журналист Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова, «Руханият» облыстық музейінің ғылыми қызметкері Жарқынай Күзенбаева, 2005 жылы Түркияда өткен өнер фестивалінің лауреаты, «Жазира» ансамблінің жетекшісі, Облыстық халық шығармашылық үйінің әнші-термешісі Қуанышгул Серікбаеваның қатысуымен, Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжі мәдениет-саз бөлімінің оқытушысы Айнұр Жүсіпова, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкерлері, Ақтөбе қаласындағы мектеп кітапханашыларымен «Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі» атты тарихи-танымдылық кешін 2016 жылдың 19 ақпан күні сағ.15.00–де өткізді. 

Шараның мақсаты: 

–Аса қастерлі ұғым – Тәуелсіздіктің қасиет киесін жас өскіннің санасына сіңіру; 

–Ата-бабаларымыз аңсап өткен ел еңсесін тіктеген егемендіктің парқына тоқтап, Тәуелсіздікті баянды ету жолында аға-буын салған сара жолды да тілге тиек ету; 

–Егемен елдің жылнамасын жас ұрпаққа жадына сақтауға үйрету. 

Қатысушылар: ҚОХУ әкімшілігі,кафедра меңгерушілері, Экономикалық-құқық колледжі оқытушылары, студенттері, «Құнан» мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары. 

 

«Елбасы мәртебесі – Ел мәртебесі»

 

Описание изображения

    Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орайластырылған «Елбасы мәртебесі – Ел мәртебесі» атты тақырыптық кешін 2015 жылдың 26 қараша күні сағ.11.00-де ұйымдастырды. 

   Шара қонақтары: «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері, профессор - Нұртаза Ағишанұлы Абдуллаев, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің, облыстық халық шығармашылығы үйінің қызметкерлері мен қала мектептерінің мұғалімдері. 

   Шараның мақсаты: 

–Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту;  

–Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру; 

–Елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу. 

Қатысушылар: ҚОХУ әкімшілігі,кафедра меңгерушілері, Экономикалық-құқық колледж оқытушылары, студенттері, «Құнан» мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары. 

 

«Наурызым-берекем, Наурызым-мерекем!»

 

Описание изображения

  14 наурыз Көрісу күні. Бұл күні жасы-кішілер үйдің үлкендеріне барып көрісіп, батасын алады. Дастархан жайылып мейрам ретінде аталып өтіледі. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа жыл – 22 наурыз мерекесін қарсы алады. 

   Мәселен, 14 наурыз – Көрісу салты мен 22 наурыз мерекесіне орай Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасында «Наурызым-берекем, Наурызым-мерекем!» тақырыбында қазақтың салт дәстүрі насихатталып, ерекше қолөнер көрмесін 2016 жылдың 14 наурыз күні сағ.11.00–де ұйымдастырылды. Қолөнер көрмесіне ұлттық дәстүрді насихаттаушы, республикалық, облыстық, қалалық көрмелердің жүлдегері, қолөнер шебері Лена Мұқтарқызы Сахариеваның сырмақ, текемет, қолдорба, қоржын, кесе қап, дорба, түскиіз, шаша түрлері, т.б. бұйымдары ұсынылды. 

   Шара қонақтары: Қолөнер шеберлері - Сахариева Лена Мұхтаровна, Асқарова Гүлнұр Орынбайқызы, Ақтөбе облысының кіші Ассамблея мүшелері, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық және Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері. 

  Шараның мақсаты: 

–Наурыз жал басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. 

– Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. 

–Ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтандыру. Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. 

  Қатысушылар: ҚОХУ әкімшілігі, кафедра меңгерушілері, Экономикалық-құқық колледжі оқытушылары, студенттері, «Құнан» мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары.

trim 1000B230 411D 4857 AE2A D01B20A495C3

Обработка видео...

 

“Абай әлемі”

 

Описание изображения

  Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасы Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналған “Абай әлемі” атты әдеби кешін 2015 жылдың 28 қазан күні, сағ.11.00-де өткізді.     Шара қонақтары: ҚР Мәдениет қайраткері - Еркін Жолмырзаұлы Құрманбеков, ақын, халықаралық «ПЭН» клубының мүшесі - Амантай Шамильұлы Өтегенов, облыстық көпшілік және жоғары оқу орындарының кітапхана директорларымен меңгерушілері, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының, облыстық халықшаруашылық үйінің, қалалық «Геолог» мәдениет ұйінің қызметкерлері. 

   Шараның мақсаты: 

- Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; 

- Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарға Абай поэзиясының ерекшелігін, тәрбиелік мәнін, ақынның эстетикалық талғамын, әсемдікке деген ұмтылысын насихаттау; 

- Абай шығармашылығын оның ішінде қара сөздерін, поэмаларын, аудармаларын сүйіп оқуға, өмірлік адами қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлықтарын арттыру; 

- Әндері арқылы оның керемет композиторлік қырынан таныту; 

- Оқырмандарды сауатты, көркем сөйлеуге, өз бетімен ізденіс шеңберінде жүзуге, әдеби шығармашылықтарын шыңдауға көмектесу. 

Шараға қатысушылар: ҚОХУ әкімшілігі, кафедра меңгерушілері, Экономикалық-құқық колледж оқытушылары, студенттері, «Құнан» мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылар.

 

IMG 5275

Обработка видео...

 

«Кітап - дәуір айнасы»

 

Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасы 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай “Кітап – дәуір айнасы” атты тақырыптық кешін 2016 жылдың 20 сәуір күні, сағ.11.00-де өткізді. 

Шара қонақтары: Ақтөбе облысы әділет департаментінің зияткерлік меншік құқық қорғау жөніндегі бөлім басшысы Тимур Жұбанышұлы Убишев, «А-Полиграфмия» ЖШС қызметкері - Жұмабике Сержановна Отарова, «Нобель» ЖШС дизайнері – Гүлбану Жаносова, «Ақжар – АБК» ЖШС қызметкері - Әсем Әділханқызы Жұмажан, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханаларының, қала мектептерінің кітапханашылары. 

Шараның мақсаты: 

–Рухани азық – кітап атаулысы және авторлық құқық туралы түсінік беру; 

–Қазіргі социомәдени кеңістікте кітапқа назар аударту, оқу ісін ілгерілету 

–Студенттердің «кітап оқу имиджін» көтеру, кітап оқуға деген ынтасын, құмарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқу деңгейін жоғарылату; 

–Кітап пен кітапхана беделін көтеру, кітаптың өшпес құндылығын адам бойына сіңіру. 

Қатысушылар: ҚОХУ әкімшілігі, кафедра меңгерушілері, Экономикалық-құқық колледж оқытушылары, студенттері.

IMG 8997

Обработка видео...

 

«Танысыңыз, жаңа кітаптар» 

 жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі

 

Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасы 20 жылдық тарихы бар «Фолиант» баспасының жаңа кітап басылымдарымен таныстырып, осы баспадан жарыққа шыққан оқытушылар құрамы Ғ.С.Салықов пен Н.Т.Әжмұраттың «Өдірістік менеджмент» және А.Қ.Дүйсенбаевтың «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімін 2016 жылдың 28 сәуір күні сағ.12.00-де өткізді. 

Шара қонақтары: Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің ректоры Е.С.Алданов, «Фолиант» баспасының бас маманы А.А.Батырбекқызы, Ғ.С.Салықов, Н.Т.Әжмұрат, А.Қ.Дүйсенбаев. 

Шараның мақсаты: 

–«Кәсіптік білім» сериясы-кәсіптік және техникалық білім беру ісін ұйымдастыру; 

–Мектепке дейінгі мекемелерге және жалпы білім беретін мектептерге арналған қосымша оқу әдебиеттерінің сериялары, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген көркем әдебиет, балалар әдебиеті, ғылыми-танымдық, т.б. жаңа кітап серияларымен таныстыру. 

Қатысушылар: ҚОХУ-нің кафедра меңгерушілері, оқытушылар құрамы мен студенттер.

 

«Туған өлкем – Ақтөбе!»

/ 28 мамыр – Ақтөбе қаласының кесенесі қаланған күн /

 

  Күллі Еуропаға бас идіріп, Рим императорын тізерлеп тағзым етуге мәжбүр еткен, Визинтияның елшісі Марцеллин таңдайын қаға таңдаған сақтардың ұлы патшасы Еділ-Атилла батырдың қосыны, Шыңғысханның құдіретті қолбасшысы Сүбітай баһадүрдің қалың қолы, Алтын ордадағы аласапыран тұсында, Жәнібектің, Әбілқайыр мен Барақтың жұрты да, одан беріде күллі қазақ халқының болашақ тарихи тағдырын кескілескен шайқастарда, үлкен саяси аренада да шешіп берген, қазақтың ел болып қалуына бірден-бір себепкер болған, пышыраған қазақтың басын бір тудың астына қосып, қазақ елін азат еткен Әбілқайыр баһадүр-ханның құдіретті әскері жүріп өткен жер - Ақтөбе қаласының кесенесінің қаланғанына биыл 147 жыл толып отыр. 

  Мерекеге орай Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің Кітапханасы Ақтөбе өңірінің беделді С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми және Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханаларымен бірлесіп «Туған өлкем – Ақтөбе!» атты тақырыптық көрмесін оқу орнымыздың «Нұртерек» атриумында ұйымдастырды. 

  Шараның мақсаты: 

–Жаңа қазақстандық патриотизмге баулу; 

–Ақтөбе қаласының символы, қазіргі келбетімен таныстыру; 

–Ақтөбенің түрлі саладағы жетістіктеріне мен табыстарын мақтанышпен бөлісу; 

–Жастардың Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлықтарын нығайту. 

–Ақын-жазушылардың сүйікті қаламызға арнаған өлең шумақтарын, көркем шығармаларын насихаттау.

Шараға қатысушылар: ҚОХУ, Экономикалық-құқық колледж оқытушылары, студенттері, С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми және Н.Байғанин атындағы облыстық бабалар кітапханаларының қызметкерлері мен белсенді оқырмандары.